Спорт
1 мин оқу 232
«Канелоға» үш қарсылас ұсынбақ
<p class="2018-" style="text-align: justify;">DAZN стриминг платформасының сарапшылары мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (57-1-2, 39 КО) 2022 жылғы болашақ қарсыластарын атады.</p>

Егер «Канело» биыл да орта салмақта қалатын болса, онда DAZN оған үш қарсылас ұсынады. Олар: Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО), америкалық Дэвид Бенавидес және тағы бір АҚШ өкілі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО). Алайда мексикалық «сары бала» биыл әдеттегідей орта салмақта емес, екінші орта салмақта өнер көрсетуді жоспарлап отырған сыңайлы.
Сондай-ақ «Канело» бұған дейін Головкинмен тек екінші орта салмақта ғана жұдырықтасатынын мәлімдеген еді.
Бөлісу: