Медицина
1 мин оқу 1,301

Ғалымдар «омикронды» емдейтін 8 препаратты ұсынды

<p style="text-align: justify;">Зерттеуді Кент университеті мен Гете атындағы Франкфрут университеті ғалымдары жүргізген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ғалымдар «омикронды» емдейтін 8 препаратты ұсынды

Клеткаларды зерттеу нәтижесі «омикронның» сегіз вирусқа қарсы препараттарға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмекке сезімтал екенін көрсетті.

Оларға EIDD-1931 (молнупиравирдің белсенді метаболиті), рибавирин, ремдесивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин жатады.

Сондай-ақ ғалымдар «омикрон» жұқтырған науқастардың дерттің ауыр түрлерімен азырақ ауыратын себебін де атады. Бұл штамм дененің барлық жасушаларында болатын интерферон деп аталатын реакцияның басылуына ерекше сезімтал болатындығына байланысты.

Бөлісу:
Ғалымдар «омикронды» емдейтін 8 препаратты ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар