Оқиға
1 мин оқу 250

Атырауда мектеп директоры 6 млн ақша жымқырған

<p style="text-align: justify;">Атырауда үш жылда 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталған мектеп директоры сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Іс материалдарына сәйкес, білім мекемесінің басшысы ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген. Салдарынан азаматтар құқығы бұзылған.

Куәлар мен жәбірленушілер айғағын тыңдап, сараптама және тексеру материалдары қорытындысын зерделеген сот экс-директорға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сотталушы шығынды толығымен өтеп үлгерген.

Бөлісу:
Атырауда мектеп директоры 6 млн ақша жымқырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар