Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 1,280

Андраденің әкесі Жәнібекті елемегендей кейіп танытты

<p style="text-align: justify;">WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраденің әкесі әрі бапкері Пол Андраде мықты қарсыластар үнемі баласымен кездесуге батылы жетпегенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Андраденің әкесі Жәнібекті елемегендей кейіп танытты

«Деметриустің кәсіби мансабында мықты қарсыластармен кездесуі мұң болды. Джейсон Куиглиден өзге қарсыластардың барлығы онымен жұдырықтасқысы келмеді. Әлемдік рейтингте үздіктер қатарында жүрген мықтылардың барлығы әйтеуір сылтау тауып, сытылып кетіп жатты. Өкініштісі де сол», деді Пол Андраде сұхбаттарының бірінде.

Пол Андраде Жәнібек Әлімханұлының Деметриусті бірнеше мәрте жекпе-жекке шақырғанын әдейі есінен шығарды ма, әлде елемеген кейіп танытты ма, ол жағы белгісіз. Бір анығы, қазір Деметриустің өзі қазақ боксшысымен шаршы алаңда кездесуге құлықсыз.

Бөлісу:
Андраденің әкесі Жәнібекті елемегендей кейіп танытты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар