Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 390

Мен ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын – Энтони Джошуа

<p style="text-align: justify;">Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа &laquo;Қомақты қаражат үшін Александр Усикпен өтуге тиіс қарымта кездесуден бас тартты&raquo; деген сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мен ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын – Энтони Джошуа

«Кейбір сұхбаттарды көргенде еріксіз езуге күлкі үйіріледі. Өйткені онда мен айтпаған сөздер өріп жүр. «Энтони Джошуа 15 миллион фунт стерлингке келісіп, қарымта кездесуден бас тартты» деген әңгіме қайдан шықты? Бір анығы, мен бүгінгі күнге дейін әлгіндей мәтіндегі ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын. Сондықтан болмайтын әңгімелерге назар аудармауларыңызды сұраймын. Қандай да бір жаңалықтың шеті шықса, оны бірінші кезекте өзім хабарлайтын боламын», дейді боксшы.

Бөлісу:
Мен ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын – Энтони Джошуа · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар