Қазақстан
1 мин оқу 590
27 қаңтарда Nur Otan партиясының Саяси кеңесі өтеді
<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 27 қаңтарында Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Nur Otan-ның саяси кеңесі Бюросының қаулысымен (9.5-тармаққа сәйкес). 27 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды», деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.
Бөлісу: