Қоғам
1 мин оқу 490

Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

<p style="text-align: justify;">Вячеслав Константинович Ким &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; Ұлттық әл-ауқат қоры&laquo; АҚ Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы KASE-нің ресми сайты жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына« Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Нұр-Сұлтан) Директорлар Кеңесінің құрамынан өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К.Ким шығарылғаны туралы Биржаға хабарлады», делінген хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге сай, ендігі жерде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры« АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Саткалиев А.М., Акишев Д.Т., Куантыров А.С.

Бөлісу:
Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар