Елорда
1 мин оқу 590

Елордада 15 мектептің құрылысы аяқталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы биыл елордада қанша мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өткен жылы біз 15 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарладық. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Бюджеттік инвестициялық жоба аясында Майқайың, Тайбурыл, Оқжетпес-Бөкеев көшелеріндегі, Нәжімеденов - Сәтпаев қиылысындағы мектептердің құрылысы аяқталды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде төрт мектептің, атап айтқанда, 28, 38 көшелерде 2000 орындық мектептің, Бұқар жырау көшесіндегі 2000 орындық мектептің, Байтұрсынов көшесіндегі 2000 орындық мектептің, сондай-ақ Жағалау шағын ауданында орналасқан мектептің құрылысы аяқталды», деді Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасканов қалалық мәслихат отырысында.

Басқарма басшысының мәліметінше, өткен жылы Өндіріс көшесі мен Көктал шағын ауданында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 

Бөлісу:
Елордада 15 мектептің құрылысы аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар