Қазақстан
1 мин оқу 220

Оңтүстікте жарықтың өшу себебін тексеретін комиссия құрылды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауды бұзуға әкеп соққан КЕGOC АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың пайда болу мен даму себептерін объективті және жан-жақты анықтау мақсатында Энергетика вице-министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша болашақта осындай технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Еске сала кетсек. 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында электр энергиясы апатты жағдайда ажыратылды. Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын беру қалпына келтірілді.

Бөлісу:
Оңтүстікте жарықтың өшу себебін тексеретін комиссия құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар