Коронавирус
2 мин оқу 161

Жазылғандарға қарағанда жұқтырғандар көп

<p style="text-align: justify;">Алматыда 25 қаңтарда коро&shy;навирус инфекциясына 2 126 адам шалдықты. Со&shy;ған қа&shy;ра&shy;мастан, мегаполисте ка&shy;ран&shy;тиндік шектеулер біртін&shy;деп алынып жатыр. Қала&shy;ның бас мемлекеттік сани&shy;тарлық дәрі&shy;гері Қарлығаш Әбді&shy;жаб&shy;баро&shy;ваның айтуынша, дерттің тәу&shy;ліктік өсімі артып, қаңтар айының алғашқы аптасында &ndash; 1 025 жағдай, екінші аптада &ndash; 6 050, үшінші аптада &ndash; 13 133 жағ&shy;дай тіркелді. Яғни індет осы айда 12,8 есе өсті.</p>

Жазылғандарға қарағанда жұқтырғандар көп

Бас санитарлық дәрігердің сөзіне қара­ғанда, 22 қаңтарда, яғни бір тәу­лікте 2,5 мың алматылық корона­ви­русқа шал­дыққан. Ай соңында тәулігіне 3 мыңға дейін науқас тіркелуі күтілуде.

«Былтыр ақпан айында вакциналау басталғалы екпе алушылардың тек 2,1%-ы індет жұқтырған. Бұл мә­лімет қала тұрғындарына вакциналау мен ревакциналау қарқынын күшей­туді талап етеді. Қалада иммун­дық жүйе 62,4% құрайды», дейді Қ.Әбдіжаббарова.

Қазір Алматыда негізінен 20-39 жас аралығындағылар індетке көбірек шал­дығып отыр, ауырғандардың 40%-ы осы жастағылар, ал 40-59 жас­­та­ғылар – 26,7%, 60 жастан асқан адамдар – 19,3%. Індетке шал­дық­қан­дар ішінде зейнеткерлер – 1,5% бол­са, мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 0,8%, банк сала­сы­ның қыз­меткерлері арасында – 0,2%, ұйым­дар, серіктестіктер, жеке кәсіп­керлер арасында 0,1%-ға өскені байқалады.

Алматыда карантиндік шектеулер ішінара алынғанымен, концерт залдары, театрлар, цирктер, филармония­лар қызметіне, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, түнгі клубтар, караоке қызметіне шектеу қойылып, ұжымдық діни жо­ралар өткізуге тыйым салынды. Қо­ғам­дық тамақтану орындарына келу­ші­­лер санын 4 адамға дейін және кино­­театр­лардың толымдылығын 30%-ға дейін қысқарту туралы талап сақталады.

Бұл нысандардың бәрі Ashyq аясында «қызыл аймақтың» қолданыс­тағы өлшемдерімен жұмыс істемек. Мысалы, концерттер, театрлар, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану, түнгі клубтар, караоке – 50 пайызға дейін, 50 адамнан артық емес, көрмелер – 70%-ға дейін 200 адамнан артық емес.

Ал 24 қаңтардан бастап балабақ­шалар ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта, жалпы білім беретін мектептер – 600 балаға дейінгі контингенті бар 1-ден 4-сыныпқа дейін штаттық форматта, ал 600-ден астам оқушысы бар мектептер – 50%-ға штаттық форматта жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ мектептен тыс және білім беру орталықтарының штаттық форматтағы, ЖОО мен колледждердің аралас форматтағы жұмысына рұқсат етілді. Вакциналанған оқушыларға мектеп әкімшілігінің қалауы бойынша оффлайн режімде рұқсат етіледі.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Жазылғандарға қарағанда жұқтырғандар көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар