Теннис
1 мин оқу 295

Australian Open: Анна Данилина жұптық сында финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты.

Жуырда Сидней WTA турнирінде Анна мен Беатрис қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-бразилиялық жұп басым түсті – 6:4. Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте Анна мен Беатрис қайтадан таразы басын өздеріне аударды – 6:4.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 2 сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсекеде 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша Анна Данилина өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Анна мен Беатрис финалда доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синякова немесе ресейлік Вероника Кудерметова – бельгиялық Элиза Мертенс жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Australian Open: Анна Данилина жұптық сында финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар