Головкин-Альварес: Трилогия биыл өтуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек биыл өтуі мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы белгілі бокс сарапшысы Майк Коппинджер ақпарат таратты. Соңғы деректерге сенсек, промоутер Эдди Хирн Сауль Альвареске екі бірдей жекпе-жек ұйымдастыру туралы ұсыныс жасаған. Ол бірінші кезекте мексикалық боксшының жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволмен мамыр айында шаршы алаңда кездескенін қалайды. Ал Головкин-Альварес трилогиясын 17 қыркүйекте ұйымдастыруға бел буып отыр. Шайқас ұйымдастырылған жағдайда екінші орта салмақ дәрежесінде өтпек.