Спорт
1 мин оқу 210
Футзалдан Еуро-2022: Әзербайжан Испания құрамасымен тең түсті
<p style="text-align: justify;">Әзірбайжан футзал командасы Еуро-2022 аясында құрлықтың жеті дүркін чемпионы Испания құрамасымен тең түсіп, плей-оффқа мүмкіндік алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Vesti.kz-ке сілтеме жасап.</p>
D тобында Әзірбайжан мен Испания құрамалары турнирдегі екінші матчтарын өткізді. Кездесу алдында испаниялықтардың фаворит болғаны мәлім. Оның үстіне, Жозе Алесио жігіттері Грузиядан 3:2 есебімен ұтылған болатын.
Алайда тартысқа толы матч 2:2 есебімен аяқталды. Осылайша, екі турдан кейін Грузия - 6, Испания - 4, Әзірбайжан - 1, Босния және Герцеговина 0 ұпай еншіледі.
Бөлісу: