Теннис
1 мин оқу 170
Анна Данилина «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Анна Данилина өз мансабында тұңғыш рет Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>
2 сағат 18 минутқа созылған кездесуде Данилина мен Беатрис Аддад Майя жұбы жапониялық С. Аояма мен С.Эбихара жұбынан басым түсті.
Есеп – 6:4, 5:7, 6:4.
Финалда Анна Данилина мен Беатрис Аддад Майя чехиялық Б.Крейчекова мен К.Синиакова жұбымен кездеседі.
Финалдық матч 30 қаңтарға жоспарланған.
Бөлісу: