Футбол
1 мин оқу 250
Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матч өткізеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан жастар командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>
Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды.
19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.
Айта кетелік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын Вахид Масудов басқарады. Өткен жылы құраманы Александр Кузнецов жаттықтырған.
Бөлісу: