Білім
1 мин оқу 561
Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады
<p style="text-align: justify;">ҚР Білім және ғылым министрлігі алғашқы онлайн-университеттерді ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«ҚР БҒМ білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа форматта – онлайн оқыту туралы. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді.
Сондай-ақ Қуаныш Ерғалиев «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау және реформалау бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.
Бөлісу: