Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысып жатыр
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммиті басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болғанын хабарлады. Атап айтқанда, іс-шара онлайн форматта өтеді.
Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданбақ.
Онлайн өтіп жатқан талқылауға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.