Коронавирус
1 мин оқу 153
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 24 адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 148 жағдайы анықталды, 7 адам қайтыс болды.
Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 994 дерегі тіркелді. 5 260 науқас қайтыс болды.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 17 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 12 558.
2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 204 769 адамнан анықталды. 13 194 адам қайтыс болды.
Бөлісу: