Жекпе-жек
1 мин оқу 440
Арман Оспанов қарсыласымен көз түйістірді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Хабиб Нурмагомедов жетекшілік ететін Eagle FC лигасында өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Франция спортшысы Дилан Сальвадорға қарсы сегіз бұрышқа шығатын отандасымыз салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Жаңа лигада екі спортшы да тұңғыш рет жекпе-жекке шығады. Шайқас 29 қаңтар күні АҚШ-та өтеді. Букмекерлік кеңселер Оспанов-Сальвадор кездесуінде қазақ оғланын фаворит санап отыр.
Бөлісу: