Елорда
1 мин оқу 170

Елордада автокөлік аударылып қалды

<p style="text-align: justify;">Тексеру нәтижелері бойынша жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндегені анықталған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«28 қаңтарда таңғы сағат 05:22-де Honda автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай қозғалып, жол белгісіне соғылған. Ауыр соққыдан көлік  аударылып кетті», деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Куәландыру нәтижесі бойынша ер адам автокөлікті мас күйінде басқарған.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Бөлісу:
Елордада автокөлік аударылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар