Үндістан саясаткерлері үкіметті айыптады
<p style="text-align: justify;">Үндістан елі Республика күнін жетпіс үшінші рет атап өтуге бір күн қалғанда үкімет шеруде Болливуд әні шырқалмайтыны туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. bbc.com-ға сілтеме жасап. </p>

Іс жүзінде шеруде ешқашан Болливуд әндері орындалмаған, бірақ үкімет жақында болған дау-дамайға байланысты басқа амал ойлап тапты. Ресми өкіл твиттерде осы күнге арналған жыл сайынғы үлкен шеруге байланысты бейне шолу жариялады. Онда әскери-теңіз тобы танымал Болливуд хитін орындап, ал басқалары қарумен әрекеттер көрсетіп, ырғақты ұстап тұрған.
Әлеуметтік желілерде аты шулы іс шараға қарсы оппозициялық саясаткерлер Премьер-Министр Нарендра Моди үкіметін Қарулы Күштердің қадір-қасиетін қорлады деп айыптады. Ал басқалары бұл бейне ғибадат мерекесін мазақ етті деп мәлімдеді.
Асель Жигитова,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.