Жаңалықтар
1 мин оқу 267

Бүгін «Барыстың» қарсыласы анықталады

18-03-BarusЕртең, 19 наурыз күні Астананың «Барыс» клубы қатысып жатқан Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші айналымына билеттер сатыла бастайды. Бұл туралы  «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады. Плей-оффтың екінші айналымының бірінші ойындары Астанада 21-22 наурызда өтеді. «Барыстың» қарсыласы бүгін Уфа қаласының «Салават Юлаев» пен Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командаларының арасында өтетін соңғы кездесуде шешіледі. Қазір клубтардың арасындағы алты матчтан кейінгі жалпы есеп – 3:3. Сөйтіп, төрт жеңіске дейін созылатын серияда «Барыстың» келесі қарсыласының кім болатынын бүгін кешке ғана біле аламыз.  Бұл матч Астана уақытымен сағат 19.00-де басталады. Ескерте кететін жағдай, «Барыс» ХК сайтынан ойын билеттерін сатып алуға болады. Дастан Кенжалин. Дереккөз: hsbarys.kz Фото: hsbarys.kz
Бөлісу:
Бүгін «Барыстың» қарсыласы анықталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар