Президент
1 мин оқу 430

Өткенін жоққа шығаратын халықтың болашағы бұлыңғыр

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезінде Елбасының ерен еңбегі жөнінде айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Ақыр соңында объективті және шыншыл болу керек. Өткенді жамандаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр», деді Президент.

Ол сондай-ақ, еліміздің қазіргі экономикалық ахуалы жөнінде пікір білдірді.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарға шыққанын ұмытпау керек», деп қосты Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Өткенін жоққа шығаратын халықтың болашағы бұлыңғыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар