Аймақтар
1 мин оқу 322
Алматының метро станциясында оқ-дәрілер табылды
<p style="text-align: justify;">Дозор есімді патрульдік ит Алматыдағы метро станцияларының бірінде оқ-дәрілер тауып алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Инспектор-кинолог «Абай» станциясына іргелес аумақты аралауға шыққан. Бір сәтте жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті иіс сезіп, серіктесін шыршалы аллеяға алып келді. Нәтижесінде, ағаштың астынан калибрі 5.45 калашников автоматына тиесілі саны 30 дана патрон, екі жарық-шу гранатасы табылды. Оқ-дәрілерді іс жүргізу тәртібімен Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тәркіледі», деп хабарлады метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.
Бөлісу: