Аймақтар
1 мин оқу 343

Түркістан облысында ауруханадан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Созақ аудандық ауруханасында шыққан өрттен 57 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысында ауруханадан өрт шықты

Бүгін жергілікті уақыт 11 сағат 49 минутта Созақ аудандық өрт сөндіру бөлімінің жедел желісіне Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде орналасқан 2 қабатты ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жедел өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен. Нәтижесінде өрт сөндірушілер 57 адамды эвакуациялады.

«Өрт оқиғасы орнына №11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде аурухананың №11 палатасында төсек-орын жабдықтары жанып жатты. Өрт сөндірушілер бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Өрт сағат 12-02-де ауыздықталып, 12-10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», деді Шыңғыс Сүлейменов Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Түркістан облысында ауруханадан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар