Экономика
1 мин оқу 940

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде арыздарды беру үшін мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

Енген өзгерістерге сәйкес, талапкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде талабын сотқа берген жағдайда, сол талап бойынша ерекше талап қою істерін, ерекше іс жүргізу істерін арыздарға (шағымдарға) сәйкес қарастыру үшін, арызданушы – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттiк бажды төлеуі қажет (2022 жылы 1532 теңге).

Мемлекеттік баждың төлеушісі – сотта мүддесі қаралатын өтініш берушілер болып табылады. Мемлекеттік бажды өтініш берушілер өтінішті бергенге дейін төлеуі қажет.

Өтінішерді, шағымдарды қарайтын соттар уәкілетті органдар болып табылады.

Бөлісу:
Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар