Оқиға
1 мин оқу 780

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік апаты бүгін, сағат 16:00 шамасында болғанын мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Атырау облысының Доссор кентінен Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу ауданы бағытына қатынайтын тас жолдың 71-шақырымында екі көлік соқтығысқан. Оның бірі – Өзбекстан Республикасында тіркелген «MAN» маркалы жүк тасымалдайтын, ал, екіншісі – Алматы облысының тұрғынына тиесілі «Toyota Camry» маркалы жеңіл көлік.

«Жол-көлік апатының салдарынан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Көз жұмғандардың екеуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері  жол-көлік апатына байланысты тергеу амалдарын жүргізуде.

Бөлісу:
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар