Аймақтар
1 мин оқу 300

Алматыда велосипед бағдаршамдары орнатылады

<p style="text-align: justify;">Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Жоспарлануда: – бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЖҚБАЖ) құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

 – 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;

– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру.

– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату; – арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;

– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.

Бөлісу:
Алматыда велосипед бағдаршамдары орнатылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар