Хоккей
1 мин оқу 270

Олимпиададан кейін жалғасады

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt; letter-spacing: -.1pt;">Шайбалы хоккейден елорданың &laquo;Барысы&raquo; бақ сынап жатқан Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) матчтары қысқы Олимпия ойындарынан кейін жалғасатын болды. Бұл туралы ҚХЛ басшылығы мәлімдеді. </span></p>

Олимпиададан кейін жалғасады

Бірер апта бұрын ҚХЛ клубтары арасында Қытай астанасы – Бейжің қала­сын­дағы қысқы Олимпиада кезінде чем­пионатты жалғастыруға байланысты сауалдама жүргізілген болатын. Аталған турнирге қатысып жатқан 24 команданың 16-сы Олимпиада кезінде матчтарды өткізуге қарсы екендерін айтқан. Сөйтіп тұрақты біріншіліктің басшылығы Олим­пиада кезеңінде чемпионатты жалғас­тырмауға шешім қабылдады.

ҚХЛ ойындарының қалған бөлігі қашан және қандай форматта жалғасатыны жөнінде нақты шешім 10 ақпанда белгілі болады. Қазіргі таңда қазақстандық «Барыс» командасы «Шығыс» конферен­циясының турнир кестесінде 47 ойыннан кейін 48 ұпаймен 8-орында тұр. Ал жалпы есепте 17-сатыға жайғасқан.

Бөлісу:
Олимпиададан кейін жалғасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар