Аймақтар
1 мин оқу 403
Шымкенттегі пәтерден үш мәйіт табылды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жергілікті БАҚ таратқан ақпарат бойынша оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Олар арнайы құралдардың көмегімен алдыңғы есікті бұзып ашып, ішке кірген.
Қалалық ТЖД хабарлағандай, пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өлімнің алдын-ала себебі - көміртегі тотығымен улану.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу: