Президент
1 мин оқу 4,610

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Заңға қол қойды

<p class="mt-5" style="text-align: justify;">Президент &laquo;Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы&raquo; Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.akorda.kz/ru/glavoy-gosudarstva-podpisan-zakon-respubliki-kazahstan-o-ratifikacii-soglasheniya-o-sotrudnichestve-po-sozdaniyu-3101333" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Заңнын негізгі мақсаты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың өзге де салаларындағы техникалық кедергілерді жою, мемлекеттің заттар мен материалдардың стандартты үлгілеріне қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. 

Келісім, сондай-ақ, өлшеулерді метрологиялық қамтамасыз ету, заттар мен материалдарды сынау, өлшем құралдарын калибрлеу, салыстырып тексеру, аттестаттау үшін стандарттарға, келісімдерге немесе шарттарға енгізу жолымен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта мемлекетаралық стандарттық үлгілерді қолдануды регламенттейді.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Заңға қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар