Ұлттық сенім кеңесінің құрамы өзгерді
<p style="text-align: justify;">Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Данилов, Л.Демесінова, А.Мырзахметов және А.Омаров шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ұлттық кеңеске енгендер:
- Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева,
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков,
- Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек,
- Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина,
- Қаржыгер Расул Рысмамбетов.
Ұлттық кеңеске жаңадан 20-дан астам сарапшы мен қоғам белсенділері тартылды. Әзірге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізілуде.