Қоғам
1 мин оқу 295

Атаулы көмекке 68,5 млрд теңге бө­лінді

<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 198,4 мың отбасындағы 990,5 мың адам&shy;ға атаулы әлеуметтік кө&shy;мек (бұдан әрі &ndash; АӘК) таға&shy;йын&shy;далды. Осы мақсатқа бюд&shy;жет&shy;тен 68,5 млрд теңге бө&shy;лінді.</p>

Атаулы көмекке 68,5 млрд теңге бө­лінді

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шақ­қан­­дағы орташа табысы өңір­лік ең төменгі күнкөріс дең­гейінің 70%-ы­нан­ төмен азаматтарға тағайын­да­ла­ды.

Бұдан басқа, АӘК көрсе­туд­ің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде елі­міз­дің барлық өңірінде табысы аз отбасы­лардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бо­йын­ша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1 қаңтарда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 259,4 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеу­меттік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушы­лар­ға ТЖ тәртібі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда, 2022 жылғы I тоқ­санда көмек тағайындау ұзар­­тылды.

Қазіргі уақытта қазақс­тан­дық­тар АӘК тағайын­дауға өтініш­ті тұр­ғы­лықты жері бо­йынша жұмыспен қамту орта­лығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Бөлісу:
Атаулы көмекке 68,5 млрд теңге бө­лінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар