Қазақстан
1 мин оқу 223

Зейнетақы қаражатын жымқырғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектің және 60 зейнеткердің зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасын анықталды.</p>

Зейнетақы қаражатын жымқырғандар ұсталды

«Қазпошта» филиалының қаты­суымен 5 жыл бойы Қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүге­дектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздері иеленген.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні пәтерлердің бірінде жедел-iздестiру іс-шарасының нәтижесінде қыл­мыс­кер­лер 1,3 млн теңге көле­мін­дегі ұр­­ланған қаражатты өзара бөлісу кезінде қылмыс үстінде ұс­тал­ды.

Іс жүзінде бұл ақша ағымдағы жыл­­дың қаңтар айында 25 зейнеткер мен мүгедекке төленетін әлеуметтік төлем­дерге арналған.

Аталған факті бойынша Қыл­мыс­тық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тарма­ғымен қылмыстық іс қозға­лып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гізілуде.

Бөлісу:
Зейнетақы қаражатын жымқырғандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар