Спорт
1 мин оқу 564

Үш дүркін әлем чемпионы

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жектен Бірік&shy;кен Араб Әмірліктерінің бас шаһары &ndash; Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қазақ&shy;стан&shy;дық спортшылар жасындай жарқылдап, нәтижелі өнер көрсетті.</p>

Үш дүркін әлем чемпионы

Атап айтқанда, 52,2 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бағдат Жұбаныш финалда ресейлік Фархад Рахмоналиевті жеңіп, аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпио­ны атанса, Бекзат Жасия (65,8 кг) әлемдік додада ел қоржынына екінші алтынды салды. Жерлесіміз финалда испаниялық Хуан Изкуэрдоны төрешілердің шешімімен жеңді.

56,7 килода жұдырықтасқан Дас­тан Жақыпбеков күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қазақстан әйелдер ко­мандасынан Айжан Әбдіқадыр (70,3 кг) да күміспен күптелді. Аса ауыр салмақтағы Расул Хатаев (120,2 кг) фи­налда ресейлік спортшыдан жеңіліп, екінші орынға табан тіреді.

Бөлісу:
Үш дүркін әлем чемпионы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар