Тарих
1 мин оқу 1,301

Кісе белбеу

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Сәкен Сей&shy;фуллин музейінде ақын&shy;ның арғы атасы Тоқа-Кү&shy;шікбайға тиесілі Кісе бел&shy;беу сақталған.</p>

Кісе белбеу

Бұл құнды жәдігер мұра­жайға дейін Жаңаарқа ауда­нындағы Сәкен ауылында Жақып деген кісінің қолында болған. Кісе белбеу − күміспен безендіріліп, қалташалар са­лынған жалпақ былғары және қайыстан жасалып, екі қабат етіліп тігілген. Таза күмістен жасалған пышағы мен екі басына қапсырма салынған. Онда іліп өткізіп қоятын был­ғары төртбұрышты қалта бар, оны қару-жараққа немесе бас­қада қажетті ұсақ-түйектерді салу үшін пайдаланады. Оған қал­тамен қосымша оқшантай, кішкене сопақша дорба және пы­шақ, қанжар салатын қынап тағылады.

Бұрынғы заманда кісе белбеу – адамның әлеуметтік дә­режесін танытып қана қой­май, әдемі бұйым ретінде де той-томалаққа тағып бара­тын бағалы зат саналды. Адам­дар оны барқыттан, оқа жіп­тер­мен кестелеп, алтын, маржан тастардан көз салдырып жа­сатқан.

Қазақы дәстүрде Кісе бел­беудің ерекше орны бар, оның жасалуы да сан қырлы болып келеді. Ол бір шебердің туын­дысы ғана емес, ұлттық болмы­сымыздың ғажайып кел­бетін айшықтайды.

Бөлісу:
Кісе белбеу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар