Күрес
1 мин оқу 260
Балуан қыздың алтыны
<p style="text-align: justify;">Ресейдің Красноярск қала­сында мәресіне жеткен күрес түрлерінен Иван Ярыгинді еске түсіруге арналған XXXIII ха­лық­аралық турнир өз мәре­сіне жетті.</p>

Жыл сайын ұйымдастырылатын додаға биыл 11 елден келген 300-ден астам спортшы 10 салмақ бойынша сынға түсті. Олардың арасында қазақстандық спортшылар да бар. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, былтырғы Азия чемпионатының жеңімпазы Эльмира Сыздықова дәстүрлі жарыстың чемпионы атанды. 76 кило салмақта белдескен отандасымыз финалда Беларусь балуаны Ксения Дзибукты 15:4 есебімен тізе бүктірді. Ол бастапқы бәсекелерінде моңғолиялықтар Уртнасан Ган Очир мен Ариунжаргал Ганбат және жартылай финалда ресейлік Марина Силинаны таза ұтқан болатын.
Бөлісу: