Қазақстан
1 мин оқу 326

Министр өңірлердің бас имамдарымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлердегі имамдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Басқосу барысында Министрлік пен ҚМДБ-ның бірлесіп атқаратын жұмыстары бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Дін саласындағы қызметкерлер министрге көкейде жүрген өзекті сауалдарын қойып, қоғамдағы радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері жан-жақты зерделенді.
 
Асқар Омаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының жастарды рухани құндылықтар мен адамгершілікке тәрбиелеуде, сондай-ақ ел мұсылмандарын деструктивті сипаттағы түрлі көзқарастардың әсерінен қорғаудағы үлкен рөлін атап өтті.
рго
 
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде Бас муфтиден бастап, ҚМДБ-ның өңірдегі бас имамдары халықты сабыр мен тыныштыққа шақыру бойынша табанды еңбек еткендеріңіз үшін, сіздерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін. Бұл - ел алдында баршамызға жүктелген жауапкершілігі жоғары іс-әрекет деп танимын», деді ведомство басшысы.
 
Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл «Ислам - бейбітшілік пен ынтымақтастық діні» тақырыбы аясында ақпараттық-ағартушылық жұмыстың жеті бағыты бойынша іс-қимыл бағдарламасын қабылдағанын айтты.
 
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық трендтерге сәйкес ағартушылық қызметтегі өзара іс-қимылды арттыруға және ақпаратты таратудың тиімді әдістерін пайдалануға дайын екендерін жеткізді.
гор
 
Бөлісу:
Министр өңірлердің бас имамдарымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар