Қазақстан
1 мин оқу 440

«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ҰК&raquo; АҚ басшысы Асқар Маратұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Асқар Маратұлы өзінің Instagram парақшасында бүгін соңғы жұмыс күні екенін жазды.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол қайта жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарымен қамтылған.

«Сондай-ақ Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жол айрығында жол жүру қамтамасыз етілді. «Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысы бойынша барлық келісу рәсімдері өтті. Жоба биыл басталады. Жол бойындағы сервистің 20-дан астам объектісі ашылды. Әлемнің жетекші банктерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге, сондай-ақ ірі отандық компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды», деп жазды ол.

Экс-басшының айтуынша, қоғамдық кеңес пен компания қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар