Елорда
1 мин оқу 270

Елордада жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды

<p style="text-align: justify;">Елордада ұн тарту кәсіпорындарынан жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 1-сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан жеңілдетілген астық алу үшін елорданың ұн тарту кәсіпорындарынан өтінімдер қабылдауды бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-ге мынадай құжаттар тапсыруы тиіс:

- заңды тұлғаның жарғылық құжаттарының көшірмелері;

- жеке немесе жалға алынған қоймалар мен элеваторлардың болуы, сақтау және қайта өңдеу көлемі туралы құжат;

- мекенжай бойынша берешектің бар/жоқ екені туралы банктен анықтама:

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Бейбітшілік көшесі 11, №113 кабинет, байланыс телефоны: +7 (7172) 550141.

Бөлісу:
Елордада жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар