Зеленский әскер санын 100 мыңға арттыруды тапсырды
<p style="text-align: justify;">Украина президенті Владимир Зеленский әскерді 100 мың адамға арттыру туралы жарлыққа қол қойып, Украина экономикасы тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Владимир Зеленский Жоғарғы Рада сессияның ашылу салтанатында жарлыққа қол қойған.
«Жарлық барлық әскериді қаржылық қамтамасыз етуді ең төменгі жалақының үш мөлшерінен төмен емес деңгейге дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ жарлық мақсаты алдағы үш жылда Украина қарулы күштерінің санын 100 мың адамға арттыру, Украина қарулы күштерінің қосымша 20 бригадасын құру», деді Зеленский.
Сондай-ақ ол ел экономикасының тұрақталғанын айтып, қаңтар айында бюджетке түсетін түсімдер 7 миллиардқа артығымен орындалғанын да айтты.