Әлем
1 мин оқу 310

Грузияда «ковид-паспорттарының» жүйесі жойылды

<p style="text-align: justify;">Грузия билігі қоғамдық орындарға бару үшін қажетті &laquo;ковид-паспорттары&raquo; жүйесін жойды. Бұл туралы коронавирус үйлестіру кеңесінің жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Елде инфекцияның таралу саны едәуір артты және бұл жүйе қазір тиімді емес. Ел ішінде жасыл төлқұжаттар міндетті емес», деп түсіндірді Гибрадзе.

Оның айтуынша, «ковид-төлқұжаттары» шет елдерге барғысы келетін адамдарға әлі де қажет болады. Гибрадзе омикрон коронавирусының жаңа штаммымен жаппай жұқтырғанына қарамастан, жағдайды бақылауға болатындығын айтты.

«Жасыл паспорт» немесе «ковид-паспорты» - бұл азаматтың ковид-мәртебесі туралы мәліметтер енгізілетін электрондық құжат. Онда вакцинацияның толық курсынан өту, аурудың мерзімі, ПТР-тест нәтижелері жинақталған.

Бөлісу:
Грузияда «ковид-паспорттарының» жүйесі жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар