Үкімет депуттардың жалақысын көтермеу туралы қаулы қабылдады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкімет басшысының ресми сайтына <a href="https://primeminister.kz/ru/news/pravitelstvo-prinyalo-postanovleniya-v-realizaciyu-porucheniy-glavy-gosudarstva-11025" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру бөлігіндегі шешімдері Мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жариялануға жатады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақы төлеуге мораторий енгізу туралы» қаулы қабылданды.