Қысқы спорт
1 мин оқу 1,020

Бейжің-2022: Бүгін алғашқы іріктеу сындары басталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін, яғни 2-ақпан күні Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4-ақпанға жоспарланған. Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады. Ал 3-ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады.

Естеріңізге сала кетсек, фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің байрағын биыл алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шығады. Оның бірі - шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі - конькиші Екатерина Айдова. Екі спортшымыз да - құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар.

Бөлісу:
Бейжің-2022: Бүгін алғашқы іріктеу сындары басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар