Ауа райы
1 мин оқу 732
Алдағы күндері -30 градус аяз болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 5 ақпанға жақын солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, соның әсерінен жел тұрып, жауын-шашын болады. Еліміздің басым бөлігін тұман басады.
Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта 20-30 градусқа дейін аяз болады. Ал елдің өзге аймағында температураның елеулі өзгерістері байқалмайды.
Бөлісу: