Альварестің бапкері биылғы жоспарлары туралы айтты
<p style="text-align: justify;">Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің бапкері боксшының 2022 жылға арналған жоспары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://fightnews.info/">Fightnews.info.</a>-ға сілтеме жасап.</p>

«Біз осы жылы екі мәрте шаршы алаңға көтерілуді жоспарлап отырмыз. Мамыр және қыркүйек айларында «Канело» бокс жанкүйерлеріне тамаша шоу ұсынады. Сауль алғашқы шайқасын АҚШ төрінде өткізеді. Екінші жекпе-жекте Мексикадағы «Azteca» стадионында рингке шықса деген ниетіміз бар. Әрине, Мехикода мұндай бокс кешін ұйымдастыру мүмкін бе деген сауал туындайды. Оны енді уақыт көрсете жатар», дейді бапкер өз ойын түйіндеп.