Әлем
1 мин оқу 140

Канада өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді

<p style="text-align: justify;">Канада Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Ресей мен Украин арасында қарулы қақтығыс қауіпі туындауына байланысты Украинаға барудан уақытша бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қарулы қақтығыс қауіпіне байланысты Украинаға бармауға шақырамыз. Егер сіз қазір Украинада болсаңыз, коммерциялық туристік маршруттар қолжетімді болып тұрған кезде елден шығып үлгеріңіздер», деп жазылған хабарламада. 

Айта кету керек, Канада соңғы апталарда өз азаматтарына Украинаға барудың қауіптілігі туралы бірнеше рет ескертіп, ұсыныстардың категориялық деңгейін біртіндеп арттырды.

Бөлісу:
Канада өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар