Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» басшысын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Лукойл» жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. «Жеңіс» және «Әл-Фараби» жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ «Лукойл» мұнай компаниясы – «Қаламқас-теңіз» бен «Хазар» теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.
Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.