Қазақстан
1 мин оқу 610

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау қаласында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысынан, оңтүстігінен, солтүстігінен, батысынан 15-20 м/с жел соғады, Орал қаласында түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында тұман түседі.

Күндіз батыста, Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз батыста, облыс орталығында 15-20 м/с, Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында түнде тұман түседі.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар