Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Иран тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік танытқаны үшін Ибрахим Раиси мен иран халқына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды.
Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.